top of page

«Жұлдызай» фестиваліндегі жұлдызды сәттер

Дамира ЖАМБАЕВА

28 наурыз, 2014

Жуырда ауданымызда даму мүмкіндігі шектеулі балалар арасында республикалық «Жұлдызай» шығармашылық фестивалінің өңірлік іріктеуі болды. Фестивальге 10 мүмкіндігі шектеулі бала қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

Аталмыш шараны Жамбыл облысы Білім басқармасы Меркі аудандық психологиялық, педагогикалық түзету кабинеті мамандары және аудандық білім бөлімі ұйымдастырды. Денсаулықтарына қарамастан бойларындағы қабілеттерін және өнерлерін үлкен сахнаға шығып көрсете алған әрбір бала, залдағы көрермендердің көңілін таба алды. Кіп-кішкентай жүректерінде үлкен армандары бар әрбір қатысушы бұл фестивальге үлкен дайындықпен келіпті. Дегенмен, фестиваль барысында мектептердің шығармашылығы және ұйымшылдығы да ерекше көрініп тұрды. Мәселен №1,№39 және № 44 орта мектептерден шыққан балалардың өнерлері арнайы қойылымдармен толықтырылып, сахнаның көркін ашты. 

Фестивальге қатысқан әрбір балаға білім бөлімінің «Алғыс хаты» берілді. Және үздік деп табылған 4 бала облысқа арнайы жолдама алды. Олар – Жарылқасын Дәурен, Нүсіпбеков Дәурен (суретте), Медетбекова Асылай және Мұқан Дәулет. 

Фестивальдің ұйымшылдықпен өтуіне жетекшілік жасаған, аудан әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері, аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі балалардың мектептегі оқу үрдісін ұйымдастырушы Сәуле Метеркулова мен аудандық психологиялық, педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі Данара Елемесова. Балаларының өнерін көпшілікпен бірге тамашалауға мүмкіндік алған және ұйымдастырушыларға разы болған ата-ана Советкүл Байболатқызы: «Ең бірінші Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа рахметімді айтамын. Бүгін балалар көңілді болып қалды. Осыларды өсірген ата-ана, біздердің де жүрегіміз қуанышқа бөленіп жатыр. Осыны ұйымдастырып жүрген басшылардың барлығына да көптен көп рахметімді айтамын», – деді.

 

Please reload

bottom of page