top of page

Сенатор әскерилермен кездесті

Нұрбану КАМАЛ

14 ақпан, 2014

Биыл Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл толып отыр. Осы орайда, өткен аптаның сенбісі күні Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерге арналып қойылған ескерткіш жанында салтанатты жиын ұйымдастырылды. Мерекелі жиынға аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов, аудандық мәслихаттың хатшысы Ілияс Ахметжанов, ауданымыздың ақсақалдары, ұйым, мекеме басшылары, Ауған соғысының ардагерлері, мектеп оқушылары, т.б. қонақтар қатысты.

Елбасымыздың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы халыққа Жолдауын насихаттау мақсатында келген сенаторды 11971 әскери бөлімінің штаб бастығы, капитан Саламат Алпысбаев пен офицер- психолог Жанат Паралиевалар күтіп алды. Облыстық мәслихаттың депутаты Совет Қалманбетов және аудандық мәслихаттың хатшысы Ілияс Ахметжановтармен бірге әскери бөлімнің жай-күйімен танысып, жұмыс тәртібі туралы баяндаманы тыңдаған сенатор: «Қазір қорғаныс саласы қажетті нәрселермен толық қамтамасыз етілген. Біздің Отан қорғап, ел тыныштығы жолында еңбек етіп жүрген әскери мамандар Елбасының осы қамқорлығын сезініп отыр», – деді. 

Парламент Сенатының депутаты Сергей Громов әскерилермен болған кездесуде Елбасымыздың биылғы Жолдауының әр бағытына жеке- жеке тоқталып өтті. Әсіресе, Елбасы тапсырмаларына сәйкес қорғаныс саласында орын алған оң өзгерістер туралы тарқата айтты. Қазіргі таңда еліміздің Қарулы Күштерін дамыту жұмыстары назардан тыс қалып отырған жоқ. Сергей Громов бұған мысал ретінде елордамызда оптикалық құралдар өндіретін зауыттың салынуы, кезінде қорғаныс өнеркәсібіндегі мақтаныштардың бірі болып, кейіннен тоқырап қалған «Семей инжиниринг» кәсіпорнының қайта жаңғыртылуы тәрізді бірқатар игі істерді атап өтті. Сонымен қатар, ол Жолдауда 

айтылған шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы салаларын дамыту, медициналық сақтандыру т.б. мәселелердің маңыздылығын, ұлттық қауіпсіздігімізді нығайту мақсатында қорғаныс саласына бөлінген қаржы көлемінің артқанын және ұлттық қауіпсіздігімізге байланысты жаңа заң жобаларының енгізілуі көзделіп отырғанын айтып, әскерилерді тұрғын үймен қамтамасыз ету сияқты т.б. мәселелерден хабардар етті. 

Қазақстан – бейбітшілік пен тұрақтылықты ту еткен ел. Алайда, Орта Азия елдерінде тұрақтылықтың жиі бұзылуы еліміздің әскери күштерінің әрдайым кез-келген жағдайға дайын тұруын талап етеді. Бұрын Қорғаныс министрінің орынбасары болған сенатор Сергей Громов ауданымыздағы әскери қызметкерлермен болған кездесуде осы мәселені баса айтып: «Әскери қызметкерлер тек қана физикалық тұрғыда ғана емес, рухани тұрғыда да дені сау болуы тиіс. Әрбір әскери қызметкер қызметін адал атқарып, Отан алдындағы борышын жете түсінгенде ғана еліміздің қауіпсіздігін толық қамтамасыз ете аламыз», – деп атап өтті. 

Жиын соңында Оңтүстік өңірлік қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Аркен Ташубаев Парламент Сенатының депутатына әскери бөлімге арнайы келіп, Елбасы Жолдауын насихаттағаны үшін алғыс білдірді.

Please reload

bottom of page