
Жасөспірімдермен жұмыс жүйелі жүргізілуде, нәтиже бар
Бақтыбай АБАЙ
28 ақпан, 2014
Биыл Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл толып отыр. Осы орайда, өткен аптаның сенбісі күні Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерге арналып қойылған ескерткіш жанында салтанатты жиын ұйымдастырылды. Мерекелі жиынға аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов, аудандық мәслихаттың хатшысы Ілияс Ахметжанов, ауданымыздың ақсақалдары, ұйым, мекеме басшылары, Ауған соғысының ардагерлері, мектеп оқушылары, т.б. қонақтар қатысты.
Ал, оның хатшысы Қарлығаш Жақыпбекқызы көпжылдық жемісті еңбегі және қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін облыс әкімі К.Көкірекбаевтың Алғыс хатына ие болды.
Әрине, комиссия жұмысының жоғары бағалануы оңайлықпен келген жоқ.
– Бұл аудандық ішкі істер бөлімі мен аудандық оқу бөлімімен бірлесе жүйелі түрде жұмыс істеуіміздің нәтижесі, – дейді Қ.Жақыпбекқызы.
Осындай игілікті істегі сіңірген еңбектері үшін АІІБ-нің криминалдық полиция бөлімшесінің аға инспекторы Динара Төребекқызы Омарова, аудандық оқу бөлімінің әдіскерлері Мәдина Болатқызы Бексұлтанова мен Мейізкүл Өзбекқызы Тілешова аттарына жылы лебіздер айтуға лайықты. Қарлығашпен бірге өткен жылдың қорытындысымен Д.Омарованың да облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталуы бұл айтқанымыздың дәлеліндей.
Елбасы алдымызға қойып отырған міндет, түпкі мақсат – Мәңгілік ел болуымыз үшін жас буынды дұрыс тәрбиелеп, келеңсіз әрекеттерге бой алдырмауын үнемі назарда ұстап отыруымыз қажет. Кәмелетке жасы толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия «Қазақстан Республикасының неке және отбасы» Заңын, «Бала конвенциясын», ҚР «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын- алу туралы» Заңын, басқа да заңнамаларды, жоғарғы орындардың тиісті шешімдерін басшылыққа ала отырып, нақты жоспар негізінде жұмыс істейді. Ол өткен жылдың 10 айында 18 отырыс өткізіп, өзекті мәселелерді қараған.
Қоғамға, өзіне пайдалы іспен айналысқан жасөспірімдер жат әдеттен аулағырақ болады. Сондықтан олардың бос уақытын тиімді өткізуді ұйымдастырудың маңызы зор. Комиссия басқа да қоғамдық ұйымдармен бірге осы бағытта да бірқатар жұмыстар атқарды.
Аудандағы жалпы білім беретін 29 мектептің 21-інен 56 «қиын» оқушы мектепішілік үйірмелерге тартылды. Аудан бюджетінен 3,5 млн теңге қаражат бөлініп, Меркіде жасөспірімдерге арналған аула клубы ашылды. Онда би, спорт түрлері бойынша секциялар жұмыс істеуде. Жалпы бұл аула клубының игілігінде екі спорт алаңы бар. Үйірме, секцияларға аудандық ішкі істер бөлімінде есепте тұрған кәмелетке толмаған 25 бала тартылған.
Өткен жылғы атап өтуге тұрарлық шаралардың бірі – Сарымолдаев ауылында №1 орта мектеп базасында ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру және отбасында тәрбиелеуді қалыптастыру мақсатында «Баланың өмір сүру құқығы» тақырыбында «дөңгелек үстел», ал, Жеміс-жидек ауылында №44 орта мектепте «Жасөспірім» атты акция, Андас батыр ауылында №21 орта мектеп базасында «Адам құқығы бала құқығын қорғаудан басталады» деген тақырыпта мүдделі органдардың қатысуымен конференция өткізілді.
Бүкіләлемдік нашақорлықпен күрес күніне орай ауданның орталық мәдениет үйінің алдында «Нашақорлыққа балалардың көзқарасымен қарау» ұранымен «Есірткісіз әлем» тақырыбында акция өткізіліп, мектеп оқушылары «Ақбота», «Балауса» балабақшаларында тәрбиеленушілер асфальтқа суреттер салды. Акция соңында оған қатысушылар атынан Үндеу қабылданды.
Әр тоқсан сайын мүдделі органдармен бірлесе отырып, сауда-саттық, көлік жуу орындары мен мейрамханаларда рейдтер өткізіледі. Жасөспірімдер онда жұмыс істеп, заң тәртібі бұзылып жатса, олардың ата-аналарына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 336-4 бабымен ескерту беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Жүйелі жүргізілген жұмыстың арқасында мектепке бармай қалған қаншама балалар анықталып, оқумен қамтылды, арнайы білім мекемелеріне орналастырылды.
Ауданда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында 9 орта мектепке жасырын бейне камералар орнатылды. Биыл қалған мектептерді осындай камералармен қамтамасыз ету жоспарлануда. Құқық бұзушылықты айтарлықтай азайту үшін мектеп инспекторларының санын көбейту, яғни әр мектепте бір инспектордың болуын қамтамасыз ету мәселесі аудандық мәслихат сессиясында қаралды. Осындай мақсатты жұмыстың нәтижесінде ауданда кәмелетке жасы толмағандар жасаған қылмыс соңғы бір жылда 7 балаға кеміген.
Жас жеткіншектерге қамқорлық көрсетіп, жат әрекеттерге үйір болмауына қол жеткізу, құқығын қорғау қашанда үлкендер үшін, мұны міндетіне алған қоғамдық, мемлекеттік ұйымдар үшін үлкен парыз, игілікті іс.
– Бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жандандырып, жас ұрпақты отаншылдыққа, білім алуға үндеп, салауатты өмір салтына бейімдеуге, дұрыс тәрбие беруге тынбай атсалыса беретін боламыз, – дейді аудандық әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Төленді Рысқұлбеков.
Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы Жолдауында «... Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын, жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» – деп көрсетті. Әрбір отандасымыздың осындай дәрежеге жетуі үшін жас жеткіншектерді ерте бастан өскелең заман рухында тәрбиелеудің, келешегінен үміт күттірердей тура жолмен жүруін қадағалап отырудың мәні зор. Бұл ретте өткен жылдың қорытындысы бойынша өзге аудандардағы, тіпті қалалардағы әріптестерінен көш ілгері озып, облыста ең алдынғы қатарға шыққан аудандық кәмелетке жасы толмағандар істері жөніндегі комиссия үстіміздегі жылы да нақты жұмыстар атқаратындығы күмәнсіз.

"Жайсыз" отбасы есебінде тұрған отбасымен жұмыс жүргізу кезінде

Би үйірмесінде


