top of page

Сенім мен жауапкершілік биыл да іргелі істерге бастағай

Бақтыбай АБАЙ

14 ақпан, 2014

Бұған дейін барлық ауылдық округтерде тұрғындармен кездескен аудан әкімі Б.Көпбосынов өткен сәрсенбіде аудандық әкімдіктің үлкен залында қорытынды есебін берді.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков қатысқан басқосуда Бақтияр Бейсембайұлы өткен жылғы ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындысы және биылғы міндеттер жөнінде кеңінен баяндады. 

Есепті баяндама бойынша облыстық мәслихаттың депутаттары Қ.Шайхиев, С.Қалманбетов, Меркі ауылының тұрғыны, ауыл шаруашылығы және ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін мекемелер қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің төрайымы С.Қалқабаева, Ақарал ӨК төрағасы Б.Адамсопиев, аудан тұрғыны, зейнеткер Н.Жәнібеков, тағы басқалар сөз сөйледі. 

Жауапкершілік жүгі қашанда жеңіл болған емес. Сенім артылып, ауданымызды басқаруға келгелі жарты жылдай ғана өткен Б.Көпбосынов мұны терең сезініп, түсініп, дұрыс басшылық жасап, бірталай шаруаны тындыруға ұйытқы болды. Осыған орай жарыссөзге қатысқандар оның жұмысына, есебіне оң бағасын берді, ұсыныс, пікірлерін сеніп айтты. 

Кездесуде облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков сөйлеп, аудан басшысын қолдап, үстіміздегі жылы да жұмыла жұмыс істеуді ниет етіп отырған меркіліктерге ризалығын білдірді. 

Ауданымызға қатысты кейбір мәселелерге түсінік беріп, облысты дамытуда өткен жылы қол жеткен жетістіктер, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер жөнінде жиналғандарды хабардар етті. 

Есепті жиналысты аудан әкімі Б.Көпбосынов қорытты. 

Please reload

bottom of page